Баласымен үй тапсырмасын орындамақ болған әйел өлім аузынан қалды
Қытай тұрғыны ұлын ашуландырғаннан кейін артық мөлшерде дәрі ішемін деп уланып қалды.

Қытайдың Хубэй провинциясында Сюй есімді тұрғыны жеті жасар ұлының өнеріне қатты алаңдады. Ол күйеуі екеуі баланы қосымша бірнеше секциялар мен үйірмелерге тіркеп, кешке онымен бірге сабағын оқытты.
13 желтоқсан, жұма күні кешке Сюй ұлына математикалық есепті түсіндіруге тырысты, бірақ бала оны қалай шешуге болатынын түсіне алмады. Қытайлық әйел қатты ашуланды, күйеуі сабақты жалғастырып үйретуге мәжбүр болды.
Сюй тыныштандыруға арналған дәрінің жетеуін қабылдауға шешім қабылдады. Басында ол тынышталды, бірақ көп ұзамай басы айналды, оның жағдайы нашарлады.
Қытайлық әйел ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның асқазанын жуған. Дәрігерлер науқастың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ дейді.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"