"Баламның қызығын көре алмай қаламын деп қорықтым": Ерке Есмахан отадан шыққанын айтты
Ерке Есмахан денсаулығына байланысты шұғыл ота жасатты. "Әдетте әлсіз тұстарыммен бөліскенді ұнатпаймын" деген әнші бұл жолы қорыққанынан көпшілікке жариялаған. Ерке отадан аман-есен шыққанын хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ота жасату керек" дегенді дәрігерлерден естігенде, бірінші ойыма Муслим түсті. Сол баламды асыраймын деп шауып жүргенімде, қызығын көре алмай қаламын ба деген жаман ой келді.
“Қорыққанға қос көрінеді” демекші, қорыққан сәтте небір ой болды екен. Алла мейірімді ғой, ота сәтті жасалды. Шүкір! Сіздердің дұғаларыңыз қабыл болды.
Қазір үйдемін. Маған тілекші болған баршаға алғыс айтамын. Рамазан айында еселеп қайтсын деп сұраймын. Алла баршаңызға денсаулық берсін, ауызбіршілік, молшылық, береке берсін. Сәби аңсап жүргендерге сәби берсін! Үйлі, күйлі болыңыздар!
Маған ауырған жараспайды екен. Енді ауырмайтын жол іздеу керек", – деп жазды Ерке.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі