Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балам 40 минут қиналып жатқан": Ақтауда бетіне оқ тиіп көз жұмған сарбаздың әкесі дәрігерлерді кінәлады (видео)

Маңғыстау облысындағы полигонда қаза тапқан сарбаздың әкесі дәрігерлерді “әрекетсіздік” танытты деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж Stan.kz

Бетіне оқ тиіп сарбаз Марат Барқұловтың әкесі ұлының өліміне қатысты тың деректерді бөлісті. Оның айтуынша, шақыртуға келген жедел жәрдем қызметкерлерінің ұлын аман алып қалуға мүмкіндіктері болған. 


"Жақындары мен достарынан ақша сұраған": Маңғыстауда бетіне оқ тиіп қаза болған сарбаздың анасы мәлімдеме жасады (видео)


"Олар оны офицердің көлігіне тиеп, қалаға апарған. Оларды жедел жәрдем көлігі күтіп алыпты. Осы жедел жәрдемде болған дәрігерлердің де жауапқа тартылуын қалаймын. Тек сөгіс емес, оларды жұмыстан шығару қажет. Жігіттер маған: "Ербол аға, олар келіп, не болды, ол кім, нешеде деп сұрады” деді. Яғни, олар ешқандай медициналық көмек көрсетпеген. Ал менің балам 30-40 минут қиналып жатқан. Оқ бетінен тиіп, басының артқы жағынан шыққан. Яғни, ми жұмыс істеп, бәрін түсініп жатқан. Оның қаншалықты қиналғанын елестете алмаймын", – дейді сарбаздың әкесі видеода. 

Видео TikTok желісінде Yertysbayev.live арнасында жарияланған.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында борышын өтеп жүрген сарбаз полигонда бетіне оқ тиін, көз жұмғаны туралы жазған едік. Бас әскери прокуратура сарбаз өліміне қатысты істің “қасақана адам өлтіру” бабымен тергелетінін мәлімдеді.

@yertysbayev.live Трагическая смерть солдата-срочник Марата Баркулова. Офицер взвода выстрельнул солдату в лицо. Но почему в воинской части пытались скрыть преступление, уверяя то, что это был несчатный случай? Кто прекрывает виновного? И почему в тот день бездействовали медики? Возможно за 40 минут пока Марат Баркулов был жив его можно было спасти? Подробности этой истоии по ссылке в шапке профиля. #новостиказахстана #армия #солдаты #МаратБаркулов ♬ оригинальный звук - Ермухамет Ертысбаев ✅
Талқылау