Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларын пайдаланғаны анық": Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтың бірінші әйелі экс-күйеуіне қолдау білдірді

Екінші әйелі мен балаларын ортақ үйінен қуып шыққан Марат Әйтеновтың бірінші әйелі мән-жайды айтты. Лейла Мирас жұртшылыққа сын көзбен қарауды ұсынды. Таяқтың екі ұшы болады дейді ол. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Лейла Мирас бала-шағасы үшін жұртқа мәлімдеме жасауды ұйғарғанын айтты. Оның айтуынша, қазір экс-күйеуіне жала жабылып жатыр. 41 жастағы Лейла Мирас қазір Түркияда тұрады. Әйтеновтен үш баласы бар.

Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі өзіне ешқашан қол көтермеген. Сөзінше, жақсы әке болған. Өз балаларына қол көтеруі мүмкін емес дейді ол.  

“Дүрбелеңге салынбай, сыни көзқараспен қарауды сұраймын. Жағдайға байыппен қарап, екінші тарапты да тыңдау керек. Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын жұрттың қысымынсыз әділ тексерсе екен”, – деді әйел.

Оның айтуынша, бұрынғы күйеуінің екінші әйелі ажырасқаннан кейін күйеуіне қояр талабын өзгертіп отырған. 

“Бұл жағдайда балаларын пайдаланғаны анық. Оны түсінген бұрынғы күйеуім балаларды сыртқа шығарып, екеуара сөйлеспек болған сияқты”, –  деді Әйтеновтің бірінші әйелі.

Дана Әтешованың қызының мұрнынан қан кетуіне балалардың таңнан кешке дейін үйде отырып, ештеңе жемеуі себеп болған сияқты дейді. Лейла Мирастың айтуынша, Марат Әйтенов ұзақ уақыт бойы жұмысқа орналаса алмай қалған. Сондықтай әйелі қолдаусыз және алиментсіз қалды дейді.

“Екінші әйелімен арақатынасы жағдайды одан сайын нашарлатты. Оның екінші әйелін үйден қуып шығу әрекетін сынамаймын. Оны құқық қорғау органдары өздері реттесін. Бірақ бәрі дұрыс түсінсін”, – деді әйел.

Лейла Мирас балаларын әзірге интернеттен шектеп отырғанын айтты. Ол осы әңгімесінен соң өзіне сын айтылатынын, бәріне дайын екенін жеткізді.  

Талқылау