Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларымның анасы": Қайрат Нұртастың Жұлдызды құттықтауы елдің талқысына түсті 

Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдызды құттықтаймын деп тағы елдің талқысына түсті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұлдыз Әбдікәрімованың туған күні қарсаңында Қайрат әріптесі Ерке Есмаханмен бірге түскен суретін жариялады. Көпшілік әншіден: "Еркенің суретін салғанша, Жұлдызды неге құттықтамайсың?" деп сұрады. Тіпті Ерке Есмаханды ерлі-зайыптылардың ортасына түсті деп айыптады. 
Ал Ерке елдің сынына жауап берді. Қайрат Нұртас болса көп ұзамай Жұлдызды меншікті мерекесімен құттықтады. Алайда бұл жолы сөзімен желідегі оқырмандарына жақпады. 

"Бүгін балаларымның анасы Жұлдыздың туған күні! Алла екі дүниенің бақытын, байлығын, абыройын нәсіп етсін! Балаларымыздың жеткен жетістігін, қуанышын бірге көруді жазсын", - деп тілек білдірді Қайрат.

Желі қолданушылары Қайраттың құттықтауын "суық" деп бағалады.

"Жан жарым, сұлуым, ханшайымым, жарығым деп жазсаңыз да артық болмас еді", "Бірге түскен сурет салуға болмас па еді, елді құшақтап түскенше", "Неге тек балалардың анасы деп жазғансың. Сүйікті жарың емес пе?" "Ел болып, халық болып күтіп жүрміз", – деп сынға алды желі қолданушылары. 

Талқылау