"Балаларымның анасы": Қайрат Нұртастың Жұлдызды құттықтауы елдің талқысына түсті
Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдызды құттықтаймын деп тағы елдің талқысына түсті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ал Ерке елдің сынына жауап берді. Қайрат Нұртас болса көп ұзамай Жұлдызды меншікті мерекесімен құттықтады. Алайда бұл жолы сөзімен желідегі оқырмандарына жақпады.
"Бүгін балаларымның анасы Жұлдыздың туған күні! Алла екі дүниенің бақытын, байлығын, абыройын нәсіп етсін! Балаларымыздың жеткен жетістігін, қуанышын бірге көруді жазсын", - деп тілек білдірді Қайрат.
Желі қолданушылары Қайраттың құттықтауын "суық" деп бағалады.
"Жан жарым, сұлуым, ханшайымым, жарығым деп жазсаңыз да артық болмас еді", "Бірге түскен сурет салуға болмас па еді, елді құшақтап түскенше", "Неге тек балалардың анасы деп жазғансың. Сүйікті жарың емес пе?" "Ел болып, халық болып күтіп жүрміз", – деп сынға алды желі қолданушылары.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма