Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларымыз аммиактан зардап шегуде": Маңғыстау облысында тұрғындар зауыттың қалдықтарына улануда

Басқұдық кентінің тұрғындары зауыттың улы шығарындыларға шағымданды. Зауыт қалдықтары төгілетін арнаның өткір иісі денсаулыққа әсер етеді. Халықтың көпшілігінде созылмалы астма сезіліп, басқалары экземадан зардап шегуде деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

құбырТүсірілімнен скриншот

Маңғыстаулық Гүлмира Истлеуова сегіз бала тәрбиелеп отыр. Айтуынша, сегізінің сегіз түрлі ауруы бар. Бұл ауылда отбасы 10 жыл тұрады. Жақын жерде аммиак зауыты  қалдықтарын төгетін канал бар.

"Google"-да аммиактың зардаптары жазылған. Алайда балаларымыздың осыдан зардап шегіп жатқанын дәлелдей алмай отырмыз. Себебі аллерголог жоқ, қолжетімді емес. Сегіз балам бар. Қалай барамын? Менің тексерілуім керек, содан кейін күйеуімді тексереді. 10 адам. Әрқайсысы жеті мыңнан”, – деді Басқұдық тұрғыны Гүлмира Истлеуова.

Ауылда барлығы 33 мың адам тұрады. Шенеуніктер халық наразылығын тыңдағанымен, ештеңе өзгерер емес.

“Мұнда ағызылып жатқан селитра – аммиак қосылған су. Халық уланып жатыр. Біздің талабымыз – мұны тоқтату, арна жабылсын”, – деді тұрғын Жұманазар Тұрсынбаев.

Бұл арна Кеңес заманында салынған. Бұған дейін төрт кәсіпорын қалдықтарды тастаған. Қазір ол жеке меншікте және "ҚазАзот" зауытына жалға беріледі. Санитарлық ережелер бойынша әр жағалаудан бір шақырым қашықтықта мұнда тұрғын үй салуға тыйым салынады. 20 жыл бұрын бұл ереже сақталды. Содан кейін жерді жаппай тарату басталды. Бүгінде улы су арнасының жағалауы тұрғын үй массивімен толықты.

“Ашық науада су ағызу жобаланған,  біз өз есебімізден құбыр салдық. Ақша жұмсадық. Бұл су, жер асты сулары ашық әдіссіз тікелей Қошқар атаға құйылады”, – деді "ҚазАзот" АҚ бас директоры Арман Мәулешев.

Ауыл қазынасында тазарту қондырғыларын салуға ақша жоқ. Сондықтан зауыт өз есебінен қайта құрылады деп үміттенеді.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 20 Ақпан, 2023 12:16
Талқылау