AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларға шабуыл жасайды": Қызылордада қаңғыбас иттер тұрғындардың мазасын алуда

Қызылорда қаласына қарасты "Сәулет" ықшам ауданының тұрғындары соңғы кездері көшеде қаңғыбас иттердің көбейіп кеткенін айтып шағымндануда. Олардың айтуынша, балаларының сабаққа қатынауы мұңға айналған. Балалар тұрмақ, өздерінің жүріп-тұруы қиындық туғызуда, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

"Ықшам ауданда бұралқы иттер қатары күн санап көбейіп келеді. Жалғыз жүруге қорқамыз. Осы мәселе бойынша 109 нөміріне хабарласып та көрдім. Алайда маманнан әкімдік пен ит аулайтындардың келісімшарты созылмағанын білдім. Иесіз иттерді аулап, қамайтын арнайы орындар да жоқ екенін айтты. Итті аулау мен жоюға заң шеңберінде тыйым салынған көрінеді. Соның салдарынан бүгінде қала аумағында иесіз иттердің саны артып, тіпті адамдарға шабуылдау фактілері тіркелуде. Бұған бір шара көрілуі тиіс деп ойлаймын", – деді аймақ тұрғыны Жазира Мырзашева.

Ал қаланың тағы бір СПМК шағын ауданының тұрғындары да қаңғыбас иттерден зардап шегіп отырған көрінеді. Тіпті сол аумақ тұрғыны Болат Нұрхожаев немересінің қаңғыбас иттерге таланып, қатты жарақат алғанын жеткізді.

"Өз немерем итке таланып, өте қатты жарақат алды. Құзырлы органдар тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілгенімен иттің иесі табылмады. Бүгінде аймақта бұралқы иттер тіпті көбейіп кетті. Арасында төбелеске бейім иттерді де көріп жүрміз. Осы уақыт иттердің ұйығатын кезеңі. Сондықтан иелері иттерді байлап ұстауы керек. Ал иесіз иттерді аулап немесе көзін жою қажет. Әйтпесе адам өміріне орасан қауіп төндіруі мүмкін", – дейді ол.

Сонымен қатар қаладағы "Мерей" ықшам ауданында да бұралқы иттердің емін-еркін сайран салып жүргенін байқауға болады. Қоқыс жәшіктердің маңын күзеткен иесіз иттер тіпті адамнан қорқуды білмейді. Ойын балаларының маңында торуылдап жүреді.

Осы мәселе төңірегінде облыстық ветеринария басқармасына хабарласқанымызда заң шеңберінде иттерді аулау мен жоюға рұқсат берілмей отырғанын жеткізді.

"Қызылорда облысы бойынша  қаңғыбас ит мысықтарды аулау жұмыстары  ҚР 2021 жылғы 30 желтоқсандағы "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңына және қаңғыбас жануарларды аулау, оларды уақытша ұстау мен жансыздандыру ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Осы кезге дейін қолданылып келген "Қаңғыбас ит мысықтарды аулап жою және серуендету қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық маслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы №262 шешімімен бекітілген ереже шеңберінде жұмыстарды жүргізу жаңа  заңға сәйкес күшін жойды. Соған орай "жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру", "үй жануарларын серуендету қағидаларын бекіту туралы" ережелеріне сәйкес жергілікті өкілдік органмен қайта бекітілетін болады. Негізі облыста қаңғыбас және иесіз қалған үй жануарларына (ит, мысық) арналған арнайы уақытша ұстау орындары мен панажайлар (питомник – ред.) жоқ. Алдағы уақыттта бекітілген ережелерге сәйкес, панажайлардың құрылысын салу мен басқада жұмыстар заңда белгіленген  тәртіп бойынша атқарылатын болады. Осындай заң нормаларын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 625 млн теңге қарастыру туралы бюджеттік өтінім берілді", – делінген ведомствоның Stan.kz тілшісіне берген жауабында.

Басқарма мәліметінше, жануарлар мен адамға  ортақ жұқпалы құтыру, зхинококкоз секілді аурулардың алдын алу мақсатында 2021 жылы облыс бойынша 24 мың 828 бас қаңғыбас ит мысықтар ауланып, жойылған. Аталмыш мәселеге орай алдағы уақытта да тиісті жұмыстар жүргізілетініне сендірді.

Ал Қызылорда облыстық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің берген ақпарына сүйенсек, нақты уақытта өңірде жануарлардан зардап шеккендер саны 290 адамды құраса, оның 90 пайызы қаңғыбас иттен зәбір көрген екен. Жыл басынан бері облыс көлемінде аса қауіпті құтырма ауруына шалдығу дерегі тіркелмеген.

Айта кетсек, бұған дейін ШҚО тұрғындары қаңғысбас иттерден зардап шегіп отырғаны жайлы жазған болатынбыз. 

Дайындаған: Ербақыт Жалғасбаев

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр