Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларға ауыр тиіп жатыр": Жұлдыз Әбдікәрімова 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа қатысты пікір білдірді

Ұшақта шу шығарып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртастың әйелі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Өнер иесі Испания қаласында екі ұлымен шет тілін үйренуге кеткен еді. 

“Бұдан артық үндемеуге болмады. Ешқашан жеке мәселені парақшамда талқылаған емес едім. Сіздердің жазғандарыңызды балалар оқып жатыр. Бұл оқиғада менің фокусым – балаларда. Қыздар жасөспірім шақта. Ұлдар – намысшыл. Ата-анасы өнер адамы болғаны үшін неге олар қиындық көруі керек?! Заң алдында барлық азамат бірдей. Ол азаматтығын көрсетті. Қателескенін ескеріп, жауап беруге дайын екенін дәлелдеді. Балаларға түсіндіруге тырыстық. Енді сіздер де доғарыңыздар! Балаларға ауыр тиіп жатыр”, – деді актриса. 



Еске салайық, Қайрат Нұртас ұшақта жанжалдасқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған еді. Әнші қамауға алудың орнына әкімшілік айыппұл салуды сұрады. Алайда оның өтініші қабылданбады. 

Талқылау