Балаларға арналған әлемдік телеарна қазақ тілінде көрсетіле бастады
Әлемдік Nickelodeon HD телеарна қазақ тілінде көрсетіле бастады. Бұл туралы телеарна өзінің ресми сайтында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Nickelodeon HD – балалар мен жасөспірімдерге арналған бүкіл әлемге танымал телеарнаны енді қазақ тілінде көре аласыздар. Күллі жер бетіне танымал "Спанч Боб шаршы шалбар", "Құтқарушы күшіктер", "Қауіпті Генри", "Тынымсыз балақайлар", "Сэм мен Кэт" және басқа да ең танымал анимациялық сериалдарды тамашалаңыздар", – делінген хабарламада.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген