Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларды өліп қалыңдар деп қарғаған жапондық тұтқындалды

Токио тұрғыны Такеси Инабуды мектеп оқушыларын қарғамақ болғаны үшін тұтқынға алды.

Бұл туралы Japan Today басылымы хабарлады.

41 жастағы жапондық балалар жүретін көпірге вара-нинге деп аталатын қуыршақты іліп, оған “сендер бәрің сотқарсыңдар, мына жерден секіріңдер де өліңдер” деген жазуды жапсырып қойған.

Ол балаларды осылайша жазаламақ болыпты. Айтуынша, “балалар саябақ ішінде арлы-берлі жүгіріп, тым қатты шулайды” екен.

Инаба бұған дейін Эдогавадағы мектеп басшылығына балалардың шуылы үшін 30-дан астам шағым түсірген екен. Сонымен қатар, орындықтар мен қоғамдық дәретханадағы “Балалар тым қатты шулайды” деген жазуды да Инаба іліп кеткен деп күдіктенуде.

Тағы да оқыңыз:

Сирияда Қазақстаннан шыққан ДАИШ командирінің көзі жойылды

7-сынып оқушысы жалаңаш күйінде педофилден қашып құтылды

Ажалдан аман қалған имам өзін пышақтаған қылмыскерге кешірім берді

Австрияда бетперде мен паранжа киюге тыйым салынды

Талқылау