"Балалар дауысы" байқауының қатысушысы Ержан Максим "Балалар Евровидениесіне" барады
«Голос. Дети» байқауында екінші орынды иеленген қазақстандық Ержан Максим халықаралық балалар «Евровидение» байқауына барады. Бұл жайында өз Facebook парақшасында Ақпарат және қоғамды дамыту министрі Дәурен Абаев бөлісті деп хабаралйды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақ баласы «Junior Eurovision 2019» халықаралық ән байқауына қатысатын болды. Дүниежүзі назар аударатын ән додасы 2019 жылдың 24 қарашасында Польшаның Гливице қаласында өтеді. Биылғы байқауда біздің елдің намысын дарынды баламыз Ержан Максим қорғайды.
Қазақстан балалар Евровидениесіне биыл екінші рет қатысқалы отыр. Өткен жылы Минск қаласындағы байқауда жерлесіміз Данэлия Тулешова өнер көрсеткен еді», - деп жазды ол.
Айта кетсек, «Голос. Дети» шоуында «Бірінші» арнада әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеген болатын.
"Топыраққа көміп, үстіне хлор төккен": Алматы облысында көз жұмған жігіттің өлімі туралы жақындары мән-жайын айтты
Марқұмның қазасы оның жақындары мен достарына ауыр соққы болған
Депутат белсенді биологиялық қоспалар онкология тудырады деп мәлімдеді: Бұл қаншалықты рас
Маман: "Салдары ұсынылған дозадан асырып қолданғанына байланысты"