Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Іссапарға кетті деп өтірік айта алмадым": Дана Есеева күйеуінің істі болғанын балаларына қалай жеткізгенін есіне алды

Қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін істі болған Мейіржан Төребаевтың жары, блогер Дана Есеева балаларын жалғыз өзі қалай тәрбиелеп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dana_yesseyeva/

Блогер келіншек Виктория Новичковаға сұхбат беріп, бес баласын жалғыз өзі қалай тәрбиелеп жатқанын айтты. 

“Жағдай қалай болды, бүкпесіз бәрін айтып бердім. Балаларым қазір 4-14 жас аралығында. Мен оларға ашық түсіндірдім. Осы үшін ана болып жүрмін ғой. Дәл қазір олармен көбірек әңгімелесуім керек. Ешкімді алдаған жоқпыз. Қандай да бір іссапарға кетті деп өтірік айта алмадым. Біріншіден, оның сотталғаны туралы бүкіл жерде айтылды ғой. Балалар да TikTok-та отырады. TikTok-та әдейі сол бағытта науқан жүріп жатқан. Хейт көп болды, видеолар көп салынды. Сол себепті балалар бәрібір сол видеоларды көретін еді", – деді көпбалалы ана.



Еске салайық, айыпталушы вайнер Павлодардан Алматыға ауысқанын жазған едік. 

“Бұрын ол тергеу изоляторында болғанда, ұзақ уақыт күтіп, тек 10-15 минут қана кездесе алатын едік. Қазір ол Алматыда, Павлодардан осында ауыстырылды. Күндіз жұмыста болса, кешке колонияға оралады", – деді блогер келіншек. 

Талқылау