Желіде балағат сөз сөйлеп, мысықты азаптаған жасөспірімнің видеосы таралды
Желіде балағат сөз сөйлеп, мысықты азаптаған жасөспірім түсірілген видео пайда болды. Аталған оқиға Ақтауда 13 шағынауданда болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бейнеден алынды
Аталған оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық полиция басқармасы пікір білдірді.
"2023 жылдың 18 қыркүйегінде әлеуметтік желілерді бақылау барысында, баланың ұятсыз сөздер айтып, мысықты азаптап жатқаны түсірілген видео анықталды.
Полиция қызметкерлері оның кім екенін анықтады. 12 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірім және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар