Балабақша тәрбиешісі жеңіл көлігіне 25 баланы мінгізіп, тасымалдаған
Бұхара облысының Гиждуван ауданында жекеменшік балабақша тәрбиешісі Spark көлігін 25 баланы мінгізіп тасымалдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет ашықдереккөзден
Облыстық жол полициясының баспасөз қызметінің мәліметінше, бастауыш мектеп жасына дейінгі балалар, артқы, алдыңғы орындықта тіпті кейбірі жүксалғышта болған.
Ал оларды мінгізген әйел олардың үйлері өте жақын екенін және мұны бірінші рет жасап отырғанын айтқан.
Тәрбиеші тұратын махаллада жол полициясы қызметкерлері мен тұрғындардың қатысуымен оқиғаның мән-жайы талқыланды.
Департаменттің баспасөз қызметі балалардың ата-аналарын оларды балабақшаға тасымалдауға көлікпен қамтамасыз ете алмай отыр деп сөкті.
Мұндай жағдайлар бұрын да орын алған. Дегенмен әдетте бұл үшін Damas микровені пайдаланылады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"