Балабақша тәрбиешілері балалар қасының ортасындағы түкті жұлып тастаған
АҚШ-та балабақша тәрбиешілері балалардың екі қасының ортасындағы түктерді жұлып тастаған. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, The Goldwater баслымына сілтеме жасап.
Оқиға туралы 2 ақпанда екі ата-ана желіде жазды. Балаларын балабақшадан алған күні қастарының ортасында қызыл дақ болған. Кейін тәрбиешілер олардың қасының ортасындағы түктерді жұлып тастағаны белгілі болды.
Ата-аналар тәрбиешілердің жазаланғанын қалайды.
«Мен бұл туралы барлығының білгенін қалаймын. Сіздің балаңызға да біреу солай істесе, сізге де ауыр тиетін еді», – дейді шағымданған ата-аналардың бірі Алисса Салгадо.
Алиссаның айтуынша, балабақша басшысы бұл туралы естігенде күлген.
Ата-аналардың желідегі жазбасын 20,5 мың адам бөліскен.
Нәтижсінде, олар балабақша туралы мектепке дейінгі білім беру департаментіне шағым түсірді. Тергеу басталды. Ата-аналар балаларын ол балабақшаға бермейтін болды.
Тағы оқыңыз:
11 жастағы бала досын мұздан құтқарып өзі ажал құшты
Зымыранның ұшқанын бақылап тұрған өзгепланеталықтар видеоға түсіп қалды (видео)
17 жасында бір бірін ұнатқан қыз бен жігіт 90 жасында үйленгелі жатыр (фото)