"Бақша суғаруға барған": 82 жастағы қария екінші сынып оқушысын зорлады
82 жастағы қария екінші сынып оқушысын зорлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

"82 жастағы Р.О. 25 шілдеде тауда орналасқан ауылдағы үйіне бақша суғаруға барған. Ол көршінің үйіне кірген. Бұл уақытта онда тоғыз жастағы М.Б. ғана болған. Қарт кісі үйде қыздың жалғыз екенін көріп, оны зорлаған. Қыз есінен танып қалған соң, Р.О. қылмыс орнынан қашып кеткен», - деді ішкі істер бөлімінің қызметкері.
Осылайша қария немересімен жасты қызға арсыздық танытып, бақша суғаруға келіп, қылмыс жасаған. Қазіргі таңда қызға медициналық көмек көрсетілді. Күдікті ұсталып, оған қарсы қылмыстық кодекстің 118-бабы бойынша іс қозғалды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді