Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бақытты болмауы керек пе": Ақбота Сейтмағамбет ажырасқан әйелдер жайлы сөз қозғады

Некесі сәтсіз аяқталып, бүгінде екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Ақбота-Нұр Сейтмағамбет ажырасқан әйелдер жайлы сөз қозғады. Ол әрбір жанның бақытқа лайық екенін айтып, өзі сияқты күн кешіп жүргендерге кеңес берді. Сөзінше, ажырасуға "тіршіліктің аяқталуы" деп емес, жаңаша өмір бастауы деп қараған дұрыс, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақботамен тағдырлас келіншектердің бірі өнер иесінен кеңес сұрады. Ажырасқанын, бір баласы бар екенін айтып, екінші рет тұрмыс құру туралы ойын білгісі келді. Оған Ақбота-Нұр: 

"Ажырасса, баласы бар болса, әйел заты әрі қарай бақытты болмауы керек пе? Өмір сонымен аяқталып, бақытты болудың мүмкіндіктері түгесіліп қалмайды ғой.

Сізге айтарым, бұрынғыдан әдемі өмір сүруге, дұрыс таңдау жасап, сүйікті болуға одан сайын құлшыныңыз! Қадіріңізді білетін азаматқа жолықсаңыз, еңсеңізді көтеріп, сізге қорған болады, өткен күндерге деген өкінішіңіздің орнын толтырады. Сізді бағалайтын адам 5 балаңыз болса да, қабылдайды. Демек өзіңізге уайымды үйіп төкпей, өмірге көзқарасыңызды өзгертіңіз. Әрбір жан жақсы өмірге лайық. Ең бастысы, өткен күннен сабақ алып, өзіңізді дамытыңыз, өсіңіз, ізденіңіз, бір орында тұрып қалмаңыз. Ажырасу сіз үшін тіршіліктің аяқталуы емес, жаңаша талпыныс пен жаңаша өмір бастауы деп ұғыныңыз", - деп жауап берді. 



Сондай-ақ, Ақбота жастай түрлі сынақтармен бетпе-бет келгенін айтып өтті. Ол өмірде жетістікке жету үшін қандай болу керектігін айтты. 

"Жастайымнан әртүрлі сынақтардан өтіп келем, шүкір. Өз еңбегіммен, тырысшаңдығыммен біртіндеп армандарыма жетіп келем. Дайын асқа тік қасық емес, терім тапшылап татқан наным, екі "жарық дүнием" үшін жігерлі, қайсар өмір сүруім маңызды. Осының барлығы шыдамдылықты талап етеді. Сабырлы әрі шыдамды болуға тиіспін, себебі осы екеуі мені шыңға жеткізетін ең соңғы кілт екенін білемін", - деді Сейтмағамбет. 

 

Талқылау