Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бақытты бөлісіңіз": Баян Мақсатқызы екінші қызын қырқынан шығарды

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы екінші қызы Алманы қырқынан шығару рәсімін жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында қырқынан шығару рәсімінен видеолар жариялады. 

"Бақытты болғыларыңыз келсе, болыңыздар! Бақыт сырттан келмейді, оны өзіңізден, жан дүниеңізден және сізді қоршаған нәрселерден табу керек! Бақытты қаласаңыз, бақытты бөлісіңіз! Бүгін бақытты күн. Тағы да бетперде тағамыз", – деп жазды Баян Алагөзова.



Еске салайық, тамыз айының басында продюсер ана атанғанын жазған еді. Алайда 15 күннен кейін тағы да қызды болғанын жаздық.

“Сені сегіз жыл күттік. Алиса қызымыздан кейін, араға 15 күн салып, Алагөзова Алма Тұрсенғалиқызы дүниеге келді”, – деп жазды продюсер. 

Бұған дейін продюсер екі қызының ЭКҰ арқылы дүниеге келгенін жасырмаған еді. 

“Қымбатты менің қонақтарым, қош келдіңіздер! Қыздарым да осы жерде екен. Ең қадірлі қонақ Салтанат Байқошқарова, қош келдіңіз. Енді жасырудың қажеті жоқ. Біздің сүйікті таңғажайып дәрігеріміз. Салтанат Берденқызы, қазір төрде отырасыз”, – деген еді Баян Мақсатқызы. 

 

Талқылау