БАҚ: Қазақстандық мұнайшылар жаппай вакцина салдырудан бас тартуда
Елдегі мұнай-кен орындары қызметкерлерінің 90 проценті коронавирусқа қарсы егілуге үзілді-кесілді қарсы. Бұл туралы мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Рашид Жақсылықов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар24" арнасына сілтеме жасап.
Соның салдарынан Теңіз кенішінде жаңа зауыттың құрылысы тоқтап тұр.
"Екпеден бас тартудың бір себебі вахта әдісімен жұмыс істейтіндерге тиісті жағдай жасалған. Оларға Еңбек кодексінде көрсетілген уақыттан артық жұмыс істегені үшін үстеме ақы төленеді. Ал кезекшілікке түсер алдында міндетті түрде оқшауланады", - деді мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы.
- "Спутник V" өмір бақи иммунитет қалыптастыруы мүмкін - Сарапшы маман
- "Үйінде құлап түсіп, көз жұмды": Алматыда перзентхана қызметкері вакцина салдырған соң қайтыс болды
Рашид Жақсылықовтың айтуынша, мұндай жағдайда екпе салу мұнайшылар үшін тиімсіз болып отыр.
Айта кетейік, бүгінде кәсіпорынға "Спутник Ви"-дің 90 мыңға жуық дозасы жеткізілді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”