БАҚ: Қазақстан түрік көліктерін Орта Азияға өткізбей жатыр
БАҚ-та Орта Азияға апаратын жалғыз Ресей-Қазақстан жолынан түрік көліктері өте алмайтын болды деген ақпарат тарады, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Türkiye Gazetesi басылымына сілтеме жасап.

Әзербайжан, Иран-Түрікменстан жолдарының жабылуына байланысты, Қазақстан-Ресей тас жолы Орта Азияға өтетін жалғыз бағыт болатын.
Қазақстан түрік көліктері үшін өтпелі жолды жауып тастаған. Транзиттік құжаттарының жарамсыз болып қалуына байланысты түрік көліктері 4 айға жуық уақыт бойы Орта Азия аумағына кіре алмайды. Халықаралық көліктер қауымдастығының айтуынша, 35 мың экспорттық сапар кейінге қалдырылды.
"Тек түрік көліктеріне арналған бұл кедергі бүкіл түркі әлеміне жасалған әділетсіздік болып табылады. Түркі әлемінің экономикалық ынтымақтастығы жүк тасымалынсыз жүзеге аспайды", – деп бағалады Халықаралық көліктер қауымдастығы.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"