БАҚ: Экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ұсталды
Нұр-Сұлтан полициясы бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты ұстады. Бірқатар отандық басылымдар осындай хабар таратуда. Бірақ қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала болжам бойынша, денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы цифрландыруға бөлінген 526 млн теңгеге жуық қаражат жымқырды деген күдікке ілініпті.
- "Қылмыстық іс қозғалуы мүмкін": Біртанов командасының ДСМ-нен кетуі нені білдіреді
- Қазақстандықтар Елжан Біртановты жауапқа тартуды сұрауда. Десек те оны жақтаушылар да табылды
- Тоқаев Біртановтың үстінен іс қозғалсын деген тапсырма беру керек еді - Заңгер
ҚР Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің (ҚМК) баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Ешқандай ақпарат жоқ. Біз бұл ақпартты әлі растамаймыз", - деп түсіндірді ҚМК отандық басылымдардың біріне берген жауабында.
Еске салсақ, осы жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов президент жарлығымен денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік