БАҚ: Атырауда білім басқармасы басшысының орынбасары ақша жымқырды деген күдікпен ұсталды
Атырауда Атырау облысы білім басқармасы басшысының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары ұсталды. "Ақ Жайық" басылымының жазуынша, ол және басқарманың басқа да қызметкерлері мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Азаматша К. ұсталып, Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
38 жастағы күдікті құқыққорғаушылар тергеу жүргізіп жатқан кезеңде (2015-2020 жылдары) басқармада есеп бөлімінде жұмыс істеген, тек 2020 жылдың қарашасында басқарма басшысының орынбасары болған.
Басылым журналистері Атырау облысы білім басқармасы басшысы оқиғаға түсініктеме беруден бас тартқанын атап өтті.
^ array:1 [ 0 => "https://stan.kz/download/uploads/news_full1617358298fad5c09a87706b272d2728eabd90f038.jpg" ]
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)