Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байланыс пен навигацияға әсер етеді: Мамандар Жерде күшті магнит дауылы болатынын ескертті

магниттік дауыл
Фото: zi.ua

2 шілдеде кешке Жерде G3 деңгейіндегі магнит дауылы болады. Оған Күнде болған қуатты жарқыл себеп болған. Мамандардың айтуынша, дауыл байланыс пен спутник навигациясының жұмысына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше,  2 шілде күні кешке Күнде болған ең жоғары X санатындағы жарқыл 1 шілдеге қараған түні болды. Оның қуаты X1.1 деп бағаланды. Бұл – ең жоғары X санатының төменгі шегі.

Ғалымдардың мәліметінше, жарқыл мамандар ерекше бақылауда ұстаған биылғы ең ірі 4478 белсенді аймағында емес, оған көршілес орналасқан 4479 аймағында тіркелген. Бұл аймақ көлемі жағынан кішірек болғанымен, қазір Жерге дәл қарама-қарсы, Күннің көрінетін дискісінің ортасына жуық орналасқан.

Осындай орналасуына байланысты плазма лақтырылуы Жердің магнитосферасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Зертхана есептеулеріне сәйкес, жарқылдан шыққан ағын Қазақстан уақытымен 2 шілде сағат 23:00 мен 3 шілде сағат 02:00 аралығында Жерге жетеді.

Ғалымдардың болжамынша, ең жоғары деңгейдегі магнит дауылы күтілмейді. Ал G4 деңгейіндегі дауылдың ықтималдығы төмен. Дегенмен G3 деңгейіндегі магнит дауылының болуы өте ықтимал.

"Болжанып отырған магнит дауылы наурыз айынан бергі ең күшті дауыл болуы мүмкін", – делінген хабарламада.

G3 деңгейі күшті болғанымен, рекордтық деңгейге жатпайды. Ол спутниктік навигация мен радиобайланыстың жұмысына кедергі келтіруі, сондай-ақ адамдардың денсаулығына әсер етуі мүмкін.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 02 Шілде, 2026 09:38