ЭЦҚ халықты шаршатқанын мойындаймын – министр
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин электрондық цифрлық қолтаңбаның қолайсыз екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Минист QR код жүйесі ЭСҚ-ға қарағанда несімен қолайлы екенін түсіндірді.
"Мен электрондық цифрлық қолтаңба халықты шаршатқанын мойындаймын. Бір жерге бару керек, оны алу керек, қосымшасын орнату керек. Цифрлық даму министрі ретінде бұл жүйе көңілімнен шықпайтын. Осы жерде отырғандардың арқасында, біз QR кодтарын қолдану мүмкіндігіне ие болдық. eGov Mobile жүйесінде QR арқылы кіруді ашқанда, кез келген QR кодын көрсетіп, қол қоюға болады", – деді ол.
Бағдат Мусин QR жүйесі жағдайында USB флэш-дискілері мен компьютерлерде ешқандай ақпаратты сақтаудың қажеті жоқ екенін баса айтты.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр