Қазақстанның ұялы байланыс операторлары оқушылар мен мұғалімдерге арнайы тариф енгізеді
Қазақстанда оқушылар мен мұғалімдер үшін ай сайынғы абоненттік төлем 990 теңгені құрайтын «Білім» тарифі іске қосылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Тариф тамыздың екінші жартысында қол жетімді болады, деп хабарлады байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнәр Бөкеева.
"Мұғалім" немесе "студент" байланысының шарттарын Білім және ғылым министрлігі анықтайды. Бұл мәселе әлі толық пысықталмаған. Мүмкін олар оқытушылар мен студенттердің тізімін берер", - деді министрліктегілер.
Қолайлы тариф барлық ұялы байланыс операторларына біріңғай әсер ететін болады.
Арнайы тарифке білім министрлігі бекіткен 380 отандық білім беру ресурстарына шексіз қол жетімді бола алады. Байланыс операторлары қосымша абоненттерге бір гигабайт интернет-трафикті ұсынады.
Талқылау
"Әсіресе аяғы ауыр әйелдер мен балаларға өте қауіпті": "Гонконг" тұмауын кәдімгі тұмаудан қалай ажыратуға болады
Қазір еліміз бойынша 10 мың стационарлық орын дайындалған
"Жолдасым АҚШ әскерінде борышын өтеп жүр”: Қазақстандық ару күйеуімен Америкаға грин карта ұтып алып, 10 есе жоғары табыс табатынын айтты
Мөлдір: “Әр клиент 250 мың теңгеден төлейді"