Алматы мен Нұр-Сұлтандағы бағалармен бірдей: Түркістанда үй қымбаттап кеткен
Түркістанда қолданыста болған пәтерлермен қоса, жаңа үйлердің де бағасы аспандаған. Тұрғындардың айтуынша, үйдің бағалары Шымкент пен Нұр-Сұлтаннан кем түспейді. Қазір шаһарда 15 миллионға үй табу мүмкін емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

“Алдыңғы жылдың күзінде салынған үй осы уақытқа дейін екі рет сатылымға қойылған. Алғашқы иесі үйді 6 миллионға сатып алып, кейін 9 миллионға өткізді. Сол ақшаға сатып алған екінші қожайыны уақыт өте келе 13 миллионға маған сатты. Үй бір бөлмелі. Өсіп, көбейіп жатқан отбасыға тар етеді. Ал қаладаға екі-үш бөлмелі үйлерді тіпті, 20-25 миллион теңгеге табу қиын!” – дейді қала тұрғыны Өркен Мырзабек.
“Түркістандағы үйлер жаңа эксклюзивті өнім түрі болғандықтан, тұрғындар бұл мүмкіндікті барынша пайдалануға тырысады. Сондықтан бағаны да қымбатқа қояды. Салыстыра келе, Түркістандағы тұрғын үйлердің бағасы үлкен қалалар Нұр-Сұлтан, Алматы шаһарындағы баспана бағасынан кем түспейді”, – дейді экономист Сәбит Баймағанбетов.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі