Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азияда-2025 жүлдегерлері елге оралды

Қытайдың Харбинінен оралған Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшыларын қарулас достары, туыстары мен жақындары салтанатты түрде қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қорғаныс министрлігі

Астанаға Қарулы күштер қызметкелері командалық эстафетасының күміс жүлдегерлері Надежда Степашина мен Ксения Шалыгина, сондай-ақ шаңғы жарысында 10 шақырымдық еркін стильдегі және командалық эстафетаның қола жүлдегері Олжас Климин келді.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Азиада жүлдегерлерін күтіп алу әуежайда оркестр мен құрмет қарауыл ротасының сүйемелдеуімен өтті.

Туыстары, достары мен жанкүйерлері оларды гүлдермен, құшақ жая қарсы алды.

“Елге оралғанда осындай қолдауды сезінудің өзі керемет. Көңіл бөліп жатқан Қорғаныс министрлігінің басшылығына алғыс айтамыз. Қарсыластардың қарқыны мықты болды, барынша тырыстық. Алда көп еңбектеніп, барынша жұмыс істейміз”, – деді Қарулы күштер қызметкері Олжас Климин.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Сонымен қатар, Алматы әуежайында шаңғы эстафетасындағы күміс жүлдегер Кирилл Бауэрді, одан өзге биатлоннан командалық эстафетада қола жүлдегер Дарья Климинді салтанатты түрде қарсы алды.

Еске салайық, Азия құрлығының ойындарында Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары бір алтын, екі күміс және үш қола медаль еншілеген еді.

Талқылау