Азия ойындары – 2023: Қазақстан қоржынына 10-алтын медаль түсті
Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының чемпионы атанды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әйелдер арасында +68 келі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда Арика Гурунгпен (Непал) кездесті.
"Кездесу басынан белсенді қимылдаған Берульцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Қазақстандық спортшы 3-0 есебімен айқын жеңіске жетті", - деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Берульцова финалдық жекпе-жектен кейін өз әсерін бөлісті.
"Азия ойындарына алтын медаль алу үшін келдім. Жоспар орындалды. Бұл біздің команданың жеңісі",- дейді спортшы қыз.
Бұған дейін каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
84 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда малайзиялық қарсыласына есе жіберіп, күміс медаль иеленді.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған