Әзірге жеңіліске ұшырамаған қазақстандық файтердің келесі қарсыласы анықталды
Әзірге ешкімнен жеңілмеген қазақстандық файтер Азат Мақсұмның (16-0) UFC-де бірінші қарсыласы кім екені белгілі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

15 шілдеде әлемдегі үздік ММА лигасында 27 жастағы файтердің дебюттік жекпе-жегі өтеді. Оның қарсыласы – 39 жастағы америкалық файтер Тайсон Нэм (21-13-1).
"Бұл ақпаратты бірнеше беделді дереккөздер, соның ішінде Sherdog растады. Әзірге жеңіл салмақтағы файтерлер кездесетін орны белгісіз", – делінген хабарламада.
Бұл – Октагон лигасының бұрынғы чемпионы Азат Мақсұмның UFC-мен келісімшартқа отырғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегі. Нэм промоушенде жеті жекпе-жек өткізіп, төрт жеңіліс пен үш рет жеңіске жетті.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті

