Әзірбайжан мен Армения Қарабаққа оқ жаудырмау туралы келісті
Әзірбайжан мен Армения мемлекеттері Таулы Қарабақта соғыс қимыл-әрекеттерін тоқтату туралы келісімге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавро мәлім етті.
"Әзірбайжан және Армения Республикалары Минсктің ЕҚЫҰ-ның өкілдерінің куәгерлігіміен бейбітшілік жағдайына көшу үшін келісімге келу туралы шешім қабылдады", - деді ресейлік министр.
Баку мен Ереван Қарабақтағы соғыс іс-қималдары тоқтағаннан кейін тұтқындар мен көз жұмғандармен алмасуға келісті.
Еске салайық, Қарабақтағы екі ел арасындағы қақтығыстар 27 қыркүйекте басталған еді. Армения мен Әзірбайжан әскерлер бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған. Армения мемлекетте соғыс жағдайын жариялаған, бұл әрекеттерін ел үкіметі Әзірбайжанды Түркия қолдап жатқанымен түсіндіріпті.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар