Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік бағасы жөнсіз көтерілген жағдайда қазақстандықтар қайда шағымдана алады

Қазақстандық тұтынушылар азық-түлік бағасының жөнсіз көтерілуіне байланысты қайда барып шағымдана алады? Бұл туралы Сауда Комитетінің төрағасы Ержан Қазақбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағаларын әр өңірдің әкімдігі белгілейді дейді. Қазақбаев бағаны көтерген жағдайда шағымдарды қайда жіберуге болатынын айтты.

"Шекті бағалар турфалы мәліметтер "Әділет" порталы мен әкімдіктердің ресми сайттарын қоса алғанда, ашық дереккөздерде орналастырылады", – деді комитет басшысы.

Көтерілген бағаларға қатысты шағымдар бойынша бірнеше арнаға хабарласуға болады. Біріншісі – үстеме бағаны бақылау құралы бар әкімдіктер. Бағалар сауда үстемесінің 15%-ынан аспауы тиіс, бұған қоғамдық бақылау жүргізіледі.

Айта кетейік, қазақстандықтар еліміздің әр өңіріндегі азық-түлік бағасының күн сайын көтеріліп жатқанына наразылық танытып жатқаны жайлы жазған едік.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде бірініші сұрыпты ұнның келісі 133 теңгеден басталады. Ал тауық еті 935 теңге, сұйық майдың литрі 721 теңге, шекер 289 теңгеден сатылып жатыр.

Талқылау