Әжесі көз жұмған: Тоқаев Түркіменстан президентіне көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстан Халк мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке анасы Оғұлабат Бердімұхамедованың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы түркіменстандыққа көңіл айтты.
"Анаңыз Оғұлабат Бердімұхамедованың қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды қатты қайғыра қабылдадым. Оғұлабат эдженің өз өмірін Отаны мен халқына арнады. Ол – даналықтың, жоғары руханилықтың және үлкен қайырымдылықтың бейнесі. Орны толмас қайғы-қасіретпен бөлісе отырып, Қазақстан халқының атынан және өзімнен сізге және жақындарыңызға шын жүректен көңіл айтамын, жанашырлық пен қолдау сөздерін білдіремін", – делінген жеделхатта.
Тоқаев Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовке де көңіл айтты.
Сенбі, 8 сәуірде ұлттық көшбасшы Гурбангулы Бердімұхамедовтың анасы және Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтың әжесі Оғұлабат Бердімұхамедова өмірден өтті.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды