Әзербайжан президенті Астанаға келді
Әзербайжанның мемлекет басшысы Ильхам Әлиев Қазақстанға ресми сапармен келді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанға ресми сапармен келген Әзербайжан президентін премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.
Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға бет алды.
Айта кетейік, Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"