Азат Перуашев сайлауда өз таңдауын жасады
"Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Партия лидері Азат Перуашев Астана қаласындағы №122 сайлау учаскесінде дауыс берді.
"Алдымен баршамызды бүгінгі сайлаумен құттықтаймын! Сайлаудан Әділетті Қазақстанды күтеміз. Менің ойымша, 20 жыл бойы мұндай ашық әрі ауқымды сайлау науқаны болмаған шығар. Президент Қ.Тоқаев айтқандай осы реформалар арқылы өзгерістердің жаңа бір толқыны болайын деп тұр. Егер біздің қоғам мен мемлекет бұл қарқынды бәсеңдетпей, ашық диалогты жалғастыра берсе, онда шынымен де біздің өміріміз жақсарады, Сонымен қатар бұл қадамдар әділдікке бағытталған өзгерістердің басы болмақ", - деді Азат Перуашев

Еске салайық, осы сайлауға ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттығына "Ақ жол" партиясынан 700-ден астам үміткер түсіп жатыр.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"