Азат Мақсұм UFC Abu Dhabi турниріндегі жекпе-жегі алдында жарақат алып қалды
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Азат Мақсұм кезекті жекпе-жегінің алдында жарақат алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Brave FC
Азат Мақсұм 3 тамыз күні, Абу-Даби қаласында өтетін UFC Abu Dhabi турниріндегі жекпе-жегінің алдында аяғынан жарақат алып, жарысқа шыға алмайтын болды. Отандасымыз UFC тұжырымындағы үшінші жекпе-жегін Асу Алмабаевтан жеңіліп қалған Си Джей Вергараға (12-5-1) қарсы өткізуі керек еді. Алайда Азат жарақат алғаннан бір күн бұрын Вергара да жарақаттанып, жекпе-жектен бас тартқан. Артынша Азат та жаттығу барысында аяғын жарақаттап алған.
Айта кетейік, Азат Мақсұм UFCFight Night 235 турнирінде америкалық Чарльз Джонсонмен жұдырықтасып, алғаш рет мансабында жеңіліп қалған еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған

