"Азаматтарға арналған үкімет" филиалының басшысы ұсталды - ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ұйымының жергілікті бөлімшесі басшыларының бірін ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік корпорациясы филиалының басшысын ұстауға облыстық прокуратура мен Ұлттық ұлан қатысты.
Ол Қазақстанның аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымына жататын деректер базасындағы жер учаскелеріне қатысты мәліметтерді өз бетінше заңсыз өзгертті деген күдікке ілінді.
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабының 3-бөлігімен (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) қарастырылған қылмыстық заң бұзушылық белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде", – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Көкшетау қаласының соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі