Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

A.Z топқа оралғысы келеді: Ninety One рэперді қайта қабылдай алмайтынын мәлімдеді

Ninety one тобынан бөлініп кеткен A.Z бойзбендке қайта оралғысы келеді. Рэпердің астарға толы видеолары TikTok-та тараған. Бір сұхбатында Азамат "топтан кету асығыс шешім болғанын, біраз уақыттан кейін өкініп қалғанын" мойындаған еді. Алайда топтың өзге мүшелері Азамат Зенкаевты қайта қабылдауға дайын емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Нұрмахан Мұқанұылының AdminAnon подкастына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұл тақырып біз үшін табу. Біздің айтқымыз келмейді. Біз де A.Z-ді қосқымыз келеді. Бірақ өмірде өткен кей сәттерден, қиыншылықтардан кейін энергетика жағынан төртеуміздің жарасатынымызды іштей мойындадық. 

Төртеу болып қалу біздің саналы шешіміміз болды. Бұл Азаны шеттету немесе оған ақымызды бергіміз келмеу емес, бесеу болсақ, тіпті жақсы. Бірақ бесеуміз бақытты боламыз ба, төртеуміз бақытты боламыз ба деген сауал бар. 

A.Z-ді сыйлаймыз, жақсы көреміз. Кезінде біз бесеу болдық, бірақ қазіргі уақытта "91" төрт жігіттен тұрады", – деп мәлімдеді топ мүшесі Ace.
Alem де әріптесінің сөзін қоштады. Ол тіпті "Азамат қалған жағдайда 91 тобы тарап кетуі мүмкін еді" деген пікірін алға тартты. 



"Егер бесеуміз жалғастырған кезде, Ninety one қазір болмауы да мүмкін еді. Біз басымыз салбырап, мүлдем сөніп қалушы едік. Энергетика бойынша ештеңе істегіміз келмейтіндей жағдайға жеттік", – деп түсіндірді ол.

"Ол кезінде шешімін қабылдады, біз оны сыйладық. Шығармашылық табыс, жетістіктер тілейміз. Нақтысы осы, бұл сұрақты келесіде қазбаламай-ақ қояйық", – деп түйіндеді Ace. 

Талқылау