Аз пайызбен үй мен көлік алуды ұсынған: Ақтөбеде қаржы пирамидасы анықталды
Қазақстан Республикасы қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Ақтөбеде жұмыс істеп келген GAP үшінші қаржылық пирамиданы анықтады, деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбеде тағы бір қаржы пирамидасы жұмыс істеп келген. Жауапты мамандар ҚР қылмыстық кодексінің 217-бабының 1-бөлігі – "Қаржы пирамидасын құру және басқару" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ұйымдастырушылар азаматтарға 10 пайыздық бастапқы жарнамен үй немесе көлік сатып алуды ұсынған. Халықтың ұйымға деген қызығушылығын олар осылай оятқан.
- Нұр-Сұлтанда қаржылық пирамида құрған әйелдер екі мың адамды алдап кеткен
- Елімізде қаржы пирамидасын жарнамалайтын жұлдыздарды жауапкершілікке тарту үшін заң жобасы әзірленуде
- 31 мыңнан аса азамат қаржы пирамидаларының құрбаны болды – Ішкі істер министрлігі
Бұған дейін қаржы мониторингінің қызметкерлері GAP қаржылық пирамидасының Қостанай мен Шымкенттегі кеңселерінің қызметін тоқтатқан еді.
Қаржы пирамидаларының жұмысынан зардап шеккен қазақстандықтар қаржы мониторингі агенттігіне мына телефон арқылы хабарласа алады: 8 7172 708 478 немесе немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жазуға болады.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"