Айжан Есмағамбетова Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметінен босатылды
Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Primeminister.kz
Қазақстан үкіметінің қаулысымен Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды.
Ведомстводағылар бұл оның басқа жұмысқа ауысуына байланысты екенін хабарлады.
Есмағамбетова бұл қызметті 2022 жылдың 14 ақпанынан бастап атқарып келеді. Ол бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
Айта кетейік, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер "су тасқыны кезінде санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы" 2024 жылғы 4 сәуірдегі қаулыға қол қойды.
"Көзқарастары ескі": Қазақстан мұғалімдерінің қартаюы білім жүйесін әлсіретіп отыр ма?
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады