Айым Сейтметова: Әкем экранда Баян Есентаевамен сүйіскен кезде де, анам қызғанған жоқ
Айым Сейтметова “Жібек” телехикаясына түскеннен кейін көрерменге танылды. Актрисаның айтуына қарағанда, ұзақ уақыт бойы көрермендер оны телехикаядағы атымен атап келген. Бүгінде Айым нағыз Instagram жұлдызы әрі танымал Yuframe вайнерлер тобының бір мүшесі.
Esquire.kz басылымына сұхбат берген Айым жеке өмірі жайлы театр жайлы баяндады, деп хабарлайды Stan.kz.
Сондай-ақ, Айым танымал отандық жұп – Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы. Отбасындағы төрт баланың ішінде тек қана Айым ата-анасының ізін қуған. Айым небәрі 4 жасында белгілі қазақстандық “Саранча” телехикаясына түскен. Сондай-ақ, театрда да ойнаған. Бүгінде Айым Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының үшінші курсында оқиды.
Айымның сүйген жігіті де театр адамы. Вахид Изимов та – актерлер әулетінен шыққан. Оның ата-анасы ұйғыр театрының актерлері – Мухитжан Изимов пен Роза Бахтыбаева. Сондай-ақ, оның атасы ҚазКСР-нің еңбек сіңірген әртісі Тохтахун Бақтыбаев.
Бойжеткеннің айтуынша, сүйген жігіті жиі қызғанышқа бой алдырады. Ондай сәтте Айым өз ата-анасын мысалға келтіреді екен:
“Әкем экранда Баян Есентаевамен сүйіскен кезде де, анам қызғанған жоқ. Керісінше бас тартпауға көндірді”.
Биыл көктемде Айым танымал Yuframe вайнерлік тобының мүшесі атанды.
Тағы оқыңыз:
Шашымды ай туғанда кесемін: Жәния Джуринская сұлулығының құпиясын ашты
Айгүл Мүкей жасы 40-тан асқанда екінші рет ана атанды
Әнші Диная Ренат Гайсинмен жақын қарым-қатынаста екенін ашып айтты
Сіздердің ақылдарыңыз керек емес: Айсәуле Бақытбек өз қатесінен сабақ алғысы келетінін айтты