Түркиядағы Айя-Софияға енді қазақстандықтар тегін кіре алмайды
Ыстамбұлдың басты көрікті жерлерінің бірі – Айя-София мешітіне бару енді ақылы болды. Енді қасиетті орынды тамашалағысы келетін қазақстандықтар 25 еуро, яғни 12 жарым мың теңге төлеуі керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жаңашылдық тек шетелдік туристерге қатысты. Бірақ түрік азаматтары үшін мешітке кіру тегін.
Сонымен қатар билік ғибадат орнына кіретін есіктерді бөлу туралы шешім қабылдады, енді біреуі саяхатшыларға, ал екіншісі жергілікті тұрғындарға арналған. Осы арқылы кезектерді азайтып, қалпына келтіру жұмыстарын тиімді жүргізуге болады, дейді әкімшілік.
Бүкіл әлемде діни қызмет кезінде ірі соборлар мен мешіттерге кіру әдетте тегін. Ал ақылы болса, оған әдетте экскурсия кіреді. Түркияда инфляция рекордтық деңгейге жетіп, 80% болды.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды