Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ayumi тобы КешYou сияқты квартет болып құрылмақ

Жуырда продюсер Алуа Қонарова Ayumi тобының жаңа солисін таныстырды. Сонымен, тұрмысқа шыққан Айдана Шәріпханованың орнын Сандуғаш есімді бойжеткен басты. Алайда Ayumi-лықтардың жаңалығы мұнымен бітпейді. Қонарова үш қыздан тұратын топқа жаңа қыздар алып, квартет немесе квинтет жасамақ.

аюми 140617

Бұл туралы продюсер Гәкку арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Кішкене кейінірек мен сіздерді тағы бір Ayumi-лық қызбен таныстырамын. Топтың жаңа екі мүшесі де оқиды, сабағын аяқтап, Сандуғаш мамыр айында келді. Ал басқа қыз маусым айында ұшып келеді”, – дейді Қонарова.

Иә, Алуа Қонарова топ құрамын мүлдем өзгертпек ниетте. Алайда жаңа қыздың топқа қаншалықты сай келетінін әзірше продюсердің өзі де білмейді.

“Ол маған Ақтау қаласынан ұшып келеді. Ал мен оны тыңдап көріп, шешемін. Мен оның түйіндемесін көріп, видеосын тамашаладым. Енді қызбен сөйлесіп, әңмілесіп көруім керек. Сонда ғана оның біздің командаға қаншалықты сай екенін көремін”, – дейді Қонарова.

Алуа Қонарова топ құрылымын өзгертуді өткен жылдан бері ойлап жүргенін айтты.

“Топта 4-5 адам бола ма, әлі белгісіз. Негізі ешқандай салыстыру болмас үшін топтың форматын мүлдем өзгертсем деп едім. Өткен жылы топқа төртінші адам қосу туралы ойлаған болатынмын. Бірақ қазір ондай топтар бар. Сондықтан тағы салыстыру болмағанын қалаймын”, – деді продюсер.

Сонымен топтың толық құрамы күзге қарай белгілі болмақ. Жаңа бейнебаян да сол кезге жоспарланып отырған көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

Футболдан әлем чемпионы атанған қазақстандық әртістер елге оралды (фото)

Қайрат Нұртастың даусын айнытпай салатын балақай көпті таңдай қақтырды (видео)

Қайрат Түнтеков: Әлемге танымал қазақ әншісі болсам деймін

Сән сахнасына шыққан Кішкенбаевтың қызы жұртты тәнті етті (видео)

 

Талқылау