"Айуандықты тоқтату керек": Айнұр Ілиясова азаптауларды доғаруды талап етті
Актриса Айнұр Ілиясова түрмеде азап көріп жатқан митинг қатысушыларын бостандыққа шығаруды талап етті. Актрисаның айтуынша, "бұл айуандықты тоқтату керек", деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қаңтар оқиғасынан міне, 40 күн өтіпті. Иә, бұл жағдайдың нүктесі әлі қойылмады, көптеген нәрселер бізге ақырындап белгілі болып жатыр, бірақ біздер ешқашан шындықты біле алмайтын шығармыз. Ол шындықтан да пайда бар ма бізге?! Кім білсін?! Тек бұның бәрі бекер болмаса ғой. Бір білерім "Жаңа ел", "Жаңа Қазақстан" боламыз десек, мына айуандықты тоқтату керек. Шаш ал десе, бас алатын не деген тірлік?!
Азаптауларды тоқтатуды және азаптаушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етемін! Ел боламыз десек, бұл шіріген жүйден бас көтеруіміз қажет. Мен әділеттікті күтемін!" – деп жазба қалдырды Ілиясова желідегі парақшасында.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады