"Айтжановтың төккен терін бағалаймыз": Бокс федерациясы бұрынғы бас бапкер Мырзағали Айтжановқа қолдау көрсетті
Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановқа қызметінен кеткеннен кейін иығына шапан жабылып, бағалы сыйлықтар табысталды.
"Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз", – деді бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.
Айта кетейік, бокстан Ұлттық құраманы 2023 жылдың қаңтарынан бастап баптаған Мырзағали Айтжанов Париж олимпиадасынан соң қызметінен босатылған еді. Кейін Қайрат Сәтжанов бас бапкер болып тағайындалды. Мырзағали Айтжанов 2009-2018 жылдар аралығында да ұлттық құраманың бас бапкері болып қызмет атқарды.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге

