Әйтенов тұрғын үй құрылыстарын қадағалады
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан бірқатар тұрғын үй құрылыстарының барысын қадағалады.

Мердігер мекемелер басшыларымен жұмыс барысы, өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды. Жүктелген жұмыстарды сапалы және мерзімдерінде аяқтауды міндеттеді.
Аталған бағдарлама шеңберінде құрылыс басқармасының тапсырысымен жалпы 287 мың шаршы метрді құрайтын 4832 пәтерлі 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде кредиттік 57 үй, арендалық 22 үй. Биылғы жылы 39 үй пайдалануға беріледі. Барлығы 141 мың шаршы метрді құрайтын 2432 пәтер тапсырылады.
Құрылысы жүргізіліп жатқан 6 арендалық үй әкімшілік-іскерлік орталығында, кредиттік 4 тұрғын үй Арғынбеков көшесінің бойында орналасқан. Ал, көпқабатты 61 үй Тұран шағын ауданында салынуда.
"Алты қыздың ішіндегі жалғыз бала": Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы мұғаліммен даудан кейін өлі табылды
Марқұмның туыстары 7 ай бойы үндемедік, дейді
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған