Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйтенов қаңтар оқиғасы туралы: Шымкентте ешкім оқ атуға тапсырма берген жоқ

Қаңтар оқиғасы кезінде Шымкентте ешкім оқ атуға тапсырма берген жоқ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Журналистер әкімге "Қаңтар оқиғасы кезінде штаб оқ атуға бұйрық берді. Штабты әкім басқарған. Оқ атуға рұқсат қандай жағдайда берілді, сізді не мәжбүрледі?" деген сұрақ қойды. 

"Оқ атуға ешкім тапсырма берген жоқ. Заңға сәйкес, бүгінгі күннің өзінде құқық қорғау қызметкерлерінің өміріне қауіп төніп тұрса, өз қаруын қолдануға рұқсаты бар. Барлығын ату деген тапсырма болмаған да, болмайды да", - деп жауап берді Мұрат Әйтенов.

Сондай-ақ қала әкімі қаңтар оқиғасында видеоның ашық түрде БАҚ арқылы көрсетілгендігін жеткізді.

"Қолына темір-терсек ұстаған азаматтар полицияны ұрып жатқан видео да бар. Біз оны ашық түрде жергілікті БАҚ-та көрсеттік. Шымкент қаласында ұсталған тәртіп бұзушылылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кінәсі дәлелденгендерге сот шешім шығарды", - деді ол.

Талқылау