"Айсұлу" хоккей клубы Еуропа әйелдер лигасының финалына шықты
Алматылық "Айсулу" хоккейшілері биылғы маусымда Еуропаның әйелдер хоккей лигасының (EWHL) финалистері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Қазақстандық команда жартылай финалда Оңтүстік Тирольдің "EVB Иглз" командасын алғашқы ойында 3:0 есебімен жеңді. Ал жауапты матчта қарсыластар 4:2 есебімен ұтты. Алайда қос ойын нәтижесінде 5:4 есебімен алматылықтар финалға жолдама алды.
Финалдық ойынның бірінші матчы 21 наурызда, екіншісі 23 наурызда өтеді. Австриялық команда жартылай финалда турнир кестесінің көшбасшысы – словакиялық Братиславаның “ПСРЗ” клубын жарыстан шығарды.
Айта кетейік, "Айсулу" құрамында Қазақстан ұлттық құрамасының сегіз ойыншысы өнер көрсетеді. Олар: Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мадина Тұрсынова, Малика Алдабергенова, Пернеш Ашимова, Алина Иванченко, Татьяна Королева және Лариса Свиридова.
Аруларымыз ақпан айында Харбинде өткен қысқы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алған еді.
“Айсұлу” клубы ақтық бәсекеде Австрияның Санкт-Пёльтен қаласынан келген "Сэйбрс" командасымен кездеседі.