Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек анасының жолын қуып бағдарлама тізгінін ұстады (видео)

Айсәуле Бақытбек анасының жолын қуып, жүргізушілікке бет бұрды. Тек ол тізгінін ұстаған бағдарламаны көгілдір экраннан емес, ғаламтордан көруге болады.

aisaule-030317

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бағдарламаның мақсаты – Алматыдағы ең танымал мейрамханаларды ас мәзіріне, қызмет көрсетуіне, бағасы мен сапасына қарап бағалау. Сол арқылы қалың көпшілікке оңтүстік астанадағы асты ең дәмді даярлайтын орындарды ұсыну.

Бағдарламаның әр шығарылымына арнайы қонақ (бас аспаздар, дизайнерлер, т.б. тұлғалар) шақырылады. Ол Айсәулемен бірге қаладағы бірнеше мейрамхананы аралап, шама-шарқы келгенше өз бағасын береді.

Күні кеше HOLA Show бағдарламасының алғашқы шығарылымы көрерменге жол тартты. Онда Айсәуле мен отандық дизайнер Леонид Жеребцев “бургер” даярлайтын орталықтарды сынға алды.

Айта кету керек, YouTube желісінде жарияланған бағдарламаны небәрі 1 күнде 70 мыңға жуық жан тамашалап үлгерген. Олардың арасында Айсәуленің жобасын сынап, даттағандар жетерлік. Пайдалы ақпарат бергені үшін Есентаеваның қызына алғыс айтқандар да аз емес.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың “тозаққа баратын 10 мың теңге” туралы әңгімесі жұртты тәнті етті

«Қазақстан» арнасы бұдан былай үнді сериалдарын көрсетпейтін болды

Әкесінің қаза болғанын жария еткен танымал тележүргізуші көптің жүрегін елжіретті

Димаш Құдайберген Қытайда ауырып қалды

 

Талқылау