Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек қыз босанды

Айсәуле Бақытбек тұңғышын босанды. Сүйінші хабарды анасы Баян Алагөзова жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айсәуле қызды болды.

"Бүгінгі түн ұзақ болды. Менің қызым ана болды. Бізде сұлу қыз дүниеге келді. Анасы да, қызы да өздерін жақсы сезінеді. Біз бақыттымыз", – деп жазды Баян Мақсатқызы. 

Әріптестері мен желідегі оқырмандары “жас апаны” жарыса құттықтады. 



Ал Айсәуленің өзі күні кеше жүктіліктің 42-ші аптасында жүргенін айтып, тезірек босану үшін елден кеңес сұрады. "Түйе ұқсап жүрмін" деп қалжыңдады өзі. Желі қолданушыларының бірі оған түйенің суретін салып, одан бірнеше мәрте аттауға кеңес берген. Оған Айсәуле: 

"Түйенің суреті туралы жазған осымен екінші адамсыз. Бүгін-ертең босанбасам, түйені іске қосамын", – деп жауап берді.

Айта кетейік, бұған дейін Айсәуле Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қатты қиналғанын айтқан еді. Ай-күні жақындаған бикеш "өмірімді қауіпке тігіп, перзентханаға барайын ба әлде өмірімді қауіпке тігіп, үйде босанайын ба?" деген оймен бірнеше түн ұйықтамаған. 

Талқылау